Грузияда іздеуде жүрген қазақстандық ұсталды
Грузияда аса ірі көлемдегі алаяқтық ісі бойынша халықаралық іздеуде болған Қазақстан азаматы ұсталды, - деп хабарлайды newsroom.kz
Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, күдікті 2022 жылы құрбысын 13 миллион теңгеге жуық сомаға автокөлікті несиеге алуға көндірген. Ақшаны алып, көлік сатып алды, бірақ міндеттемесін орындамай, хабарсыз кеткен.
Қазақстандық халықаралық іздеуге салынып, ІІМ Интерпол Ұлттық орталық бюросының сұрауы бойынша Грузия аумағында ұсталды.
Айта кетелік, қазір күдіктіні Қазақстанға экстрадициялау мәселесі шешілуде.