Жаңалықтар

Ақтаудағы ұшақ апаты: ресейлік капитан оқ атуға бұйрық берген(Фото)

2024 жылдың 25 желтоқсанында Ақтау маңында құлаған әзербайжандық Embraer 190 ұшағына байланысты жаңа мәліметтер жария болды. Желіде ресейлік капитан Дмитрий Паладичуктің түсініктемесі таралып, онда оқ ату бұйрығын өзі бергенін растаған, деп хабарлайды newsroom.kz Minval басылымына сілтеме жасап.

Ақпаратқа сүйенсек, хатпен бірге зымыран атылған сәттің бейне және аудио жазбалары да ұсынылған. Паладичук тұман салдарынан көзбен көру мүмкін болмағанын, алайда радар арқылы нысан анықталған соң, оны жоюға бұйрық бергенін айтқан. Бірінші зымыран мүлт кеткен соң, екіншісін атуды да өзі бұйырған.

The Insider басылымы капитанның Ресейдің әуе шабуылына қарсы қорғаныс құрылымында қызмет еткенін және түсіндірменің шынайы екенін хабарлады. Сараптама нәтижелері оның дауысы мен қолтаңбасының сәйкестігін растаған.

Еске салайық, аталған апат кезінде ұшақта 67 адам болған. Оның 38-і қаза тауып, 29 жолаушы аман қалған. Бұл оқиға халықаралық деңгейде резонанс тудырып, Ресей тарабына қатысты сындардың көбеюіне себеп болған еді.