Жаңалықтар

2 шілде: еліміздің барлық дерлік өңірі ыстық болады

«Қазгидромет» РМК сайтында жарияланған мәліметке сәйкес, Қазақстанның батысы мен шығысында жаңбыр жауады деп күтіледі. Ал елдің басқа өңірлерінде жауын-шашынсыз, күн ашық болады.

📍 Астана – бұлт аралас, жауын-шашынсыз, жел 7–12 м/с. Түнде +14…+16°C, күндіз +30…+32°C.
📍 Алматы – күн бұлтты, жауын-шашынсыз, жел 3–8 м/с. Түнде +19…+21°C, күндіз +32…+34°C.
📍 Шымкент – күн ашық, бұлт аралас, жел 8–13 м/с. Түнде +18…+20°C, күндіз +37…+39°C.
📍 Ақтау – күн ашық, бұлт аралас, жел 9–14 м/с. Түнде +19…+21°C, күндіз +28…+30°C.
📍 Ақтөбе – бұлт аралас, жауын-шашынсыз, жел 7–12 м/с. Түнде +14…+16°C, күндіз +26…+28°C.
📍 Атырау – күн бұлтты, жауын-шашынсыз, жел 5–10 м/с. Түнде +18…+20°C, күндіз +28…+30°C.
📍 Жезқазған – бұлт аралас, жауын-шашынсыз, жел 2–7 м/с. Түнде +17…+19°C, күндіз +33…+35°C.
📍 Қарағанды – бұлтты, жаңбыр, найзағай, жел 9–14 м/с. Түнде +13…+15°C, күндіз +28…+30°C.
📍 Көкшетау – бұлт аралас, жауын-шашынсыз, жел 2–7 м/с. Түнде +15…+17°C, күндіз +29…+31°C.
📍 Қонаев – бұлт аралас, жауын-шашынсыз, жел 9–14 м/с. Түнде +18…+20°C, күндіз +33…+35°C.
📍 Қостанай – бұлт аралас, жауын-шашынсыз, жел 9–14 м/с. Түнде +17…+19°C, күндіз +30…+32°C.
📍 Қызылорда – ашық, жауын-шашынсыз, жел 7–12 м/с. Түнде +21…+23°C, күндіз +39…+41°C.
📍 Павлодар – бұлтты, жаңбыр, найзағай, жел 9–14 м/с, екпіні 15–20 м/с. Түнде +15…+17°C, күндіз +28…+30°C.
📍 Петропавл – бұлт аралас, жауын-шашынсыз, жел 9–14 м/с. Түнде +16…+18°C, күндіз +29…+31°C.
📍 Семей – бұлтты, жаңбыр, найзағай, жел 5–10 м/с, екпіні 15–20 м/с. Түнде +14…+16°C, күндіз +28…+30°C.
📍 Талдықорған – бұлт аралас, жауын-шашынсыз, жел 7–12 м/с. Түнде +13…+15°C, күндіз +32…+34°C.
📍 Тараз – бұлт аралас, жауын-шашынсыз, жел 9–14 м/с. Түнде +18…+20°C, күндіз +35…+37°C.
📍 Түркістан – бұлт аралас, жауын-шашынсыз, жел 8–13 м/с. Түнде +20…+23°C, күндіз +40…+42°C.
📍 Орал – бұлтты, жаңбыр, найзағай, жел 9–14 м/с, екпіні 15–20 м/с. Түнде +15…+17°C, күндіз +20…+22°C.
📍 Өскемен – бұлтты, жаңбыр, найзағай, жел 5–10 м/с, екпіні 15–20 м/с. Түнде +13…+15°C, күндіз +25…+27°C.

Жауын-шашын болатынын ескеріп, елдің шығысы мен батысындағыларға қолшатыр мен жеңіл күртеше алып жүрген жөн.