Қытайда әлемдегі алғашқы робот-футболшылар чемпионаты өтті
Турнирге төрт команда қатысты. Әр ұжымда бойы 1,3–1,5 метр болатын үш робот-ойыншыдан болды. Барлық ойыншылардың ішінде жасанды интеллект орнатылған, сондықтан олар алаңда өз бетімен қимылдап, адам көмегінсіз ойнады.
Роботтар ереже бұзса да, оларды жазалаған жоқ. Себебі олар кедергілерді әрдайым байқап үлгермейді. Сондықтан әдейі құлау, бір-бірімен соқтығысу сияқты сәттерге жеңіл қарайды.
Бұл – робототехника мен жасанды интеллект мүмкіндіктерінің спорт саласына да ене бастағанының белгісі.