Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Қабаған иттің шабуылын тоқтатқан тұрғынды жауапқа тартады деген ақпарат рас па?: Полиция мәлімдеме жасады

Алматы облысы Полиция департаменті Желіде тарап жатқан «қабаған иттің шабуылын тоқтатқан тұрғынды жауапқа тартады» деген ақпарат шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді,- деп хабарлайды newsroom.kz

Қабаған иттің шабуылын тоқтатқан тұрғынды жауапқа тартады деген ақпарат рас па?: Полиция мәлімдеме жасады

"Желіде тарап жатқан «қабаған иттің шабуылын тоқтатқан тұрғынды жауапқа тартады» деген ақпарат шындыққа жанаспайды. Аталған азаматқа қатысты процессуалдық шешімдер қабылданбаған.

ҚР Қылмыстық кодексінің 32-бабына сәйкес («Қажетті қорғаныс») оның әрекеті өзін-өзі қорғау мақсатындағы заңды әрекетке жатады. Заңға сәйкес өмірге, денсаулыққа немесе мүлікке нақты қауіп төндіретін шабуылды тойтару кезінде қажетті қорғаныс жағдайында зиян келтіру қылмыстық құқық бұзушылық болып табылмайды.

Сондықтан, кәмелетке толмаған баланы қабаған иттердің шабуылынан құтқарған азаматтың әрекеті қолданыстағы заңнама нормаларын бұзбайды және құқықтық зардаптарға әкеп соқпайды.

Бұл ретте, сотқа дейінгі тергеу аясында  иттің иесінің әрекеті жан-жақты зерттеліп, оларға тиісті құқықтық баға беріледі. Қандай да бір заң бұзушылық белгілері анықталса, ол заңда белгіленген тәртіппен жауапкершілікке тартылады"- делінген полиция мәлімдемесінде.

 

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату