Түркия басшысы 24-25 маусымда Гаагада өткен НАТО саммитіне қатысқанын еске алды. Ол Түркияның қорғаныс саласындағы ынтымақтастық пен аймақтық мәселелердегі берік ұстанымын ерекше атап өтті.
Оның айтуынша, Түркия саммиттегі кездесулер барысында Газадағы гуманитарлық дағдарыс мәселесін көтерген.
«Жабық кездесулерде де, басшылармен жүргізген пікірталастарда да біз Газада соңғы 21 ай бойы жалғасып келе жатқан қысымға назар аудардық», - деп түйіндеді Ердоған.