Netflix ғарыштан тікелей эфир жүргізеді
Осы жазда Netflix алғаш рет тікелей эфирде зымыран ұшыруды, ғарышкерлердің ашық ғарышқа шығуын және Халықаралық ғарыш станциясынан (ХҒС) түсірілген кадрларды көрсетпек. Бұл – NASA агенттігімен әріптестік аясында жүзеге аспақ.
Трансляциялар NASA+ бағдарламасының кеңейтілген бөлігіне енеді. Бұл — жарнамасыз және тегін қолжетімді ресми стриминг платформасы.
Көрермендер эфирді мына ресурстар арқылы көре алады:
- Netflix платформасында;
- NASA мобильді қосымшасы арқылы;
- NASA ресми сайтында;
- NASA-ның YouTube арнасында.
Тікелей эфирде нақты миссиялардан репортаждар, Жердің орбитадан көрінісі және жаңа форматтағы ғылыми контент ұсынылады.
Алғашқы көрсетілімдер алдағы апталарда басталады.