Трамп Сирияға салынған санкцияларды алып тастады
АҚШ президенті Дональд Трамп АҚШ-тың Сирияға қарсы экономикалық санкцияларын алып тастау туралы жарлыққа қол қойды,- деп хабарлайды newsroom.kz
Ақ үйдің пікірінше, бұл шешім тұрақтылық пен бейбітшілікке жасалған қадам.
Құжатта Сирияның бұрынғы президенті Башар Асадқа, оның серіктестеріне, адам құқықтарын бұзушыларға және «Ислам мемлекеті» ұйымымен байланысы бар тұлғаларға қатысты шектеулер күшінде қалғаны айтылған,- деп мәлімдеді ВВС.
Сондай-ақ Трамп АҚШ Мемлекеттік хатшысы Марко Рубиоға Сирияның лаңкестікке демеуші мемлекет мәртебесін, Хаят Тахрир аш-Шамды лаңкестік ұйым деп тану шешімін және Сирияның уақытша президенті Ахмед аш-Шараны аса қауіпті халықаралық лаңкес деп тану туралы шешімді қайта қарауды тапсырды.
Кейбір санкцияларды алып тастауды Конгресс мақұлдауы керек.
Айта кетелік, батыс елдері Сирияға қарсы санкцияларды Башар Асад ел президенті болған кезде енгізген.