Дін

Сауд Арабиясында 8 өзбекстандық қажы қаза тапты

2025 жылғы қажылық маусымында Өзбекстаннан 15 мыңнан астам қажы қажылық рәсімдерін орындады,- деп хабарлайды newsroom.kz

Ресми ақпаратқа сәйкес, Өзбекстаннан тіркелген 4 қажы қажылық кезінде қайтыс болды — бұған ауыр климаттық жағдайлар мен созылмалы аурулар себеп болған.

Сондай-ақ Сауд Арабиясында ескертулерге қарамастан қажылыққа заңсыз барған 4 азаматтың қайтыс болғаны хабарланды.

Айта кетелік, былтыр қажылыққа 1,83 миллионға жуық адам барған. Олардың 1,6 миллионнан астамы шетелден келген.