COVID-19: Алматыда 64 жастағы науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылды

26 Наурыз, 2020 77 0

Бұл туралы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев онлайн брифингте айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бір науқастың жағдайы ауыр, ентігуіне байланысты өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр. 64 жастағы бұл пациенттің жай-күйі өкпенің созылмалы обструктивті бронхит ауруының болуына байланысты нашарлап отыр Жасанды желдету аппаратына қосылғалы бері жағдайы бірқалыпты. Коронавирус инфекциясы өкпенің созылмалы ауруы бар пациенттердің жағдайын ушықтыратынын білеміз», - деді Т.Әбілдаев.

Басқарма басшысының айтуынша, Алматыда өкпені жасанды желдету аппараты жеткілікті.

«Біздің мекемелер мұндай аппаратпен толық қамтылған. Тіпті қажет болған жағдайда басқа стационарлардан аппарат алдыруға мүмкіндік бар», - деді ол.

Тегтер: коронавирус, инфекция, алматы, қазақстан, әлем, жаңалықтар, эпидемия, пандемия, науқас

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.