Жаңалықтар

Еңбек ресурстарын дамыту орталығының басшысы ұсталды

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бұрынғы вице-министр, қазіргі «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ басқарма төрағасы Ақмәди Сарбасовтың ұсталғанын растады.

Сарбасов 5 жыл бойы еңбек министрінің орынбасары қызметін атқарған.

— «Министрлік «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» басшысының ұсталғанын растайды. Тергеу органдарына заң аясында толық қолдау көрсетіліп жатыр», — деп хабарлады Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі.

"Orda.kz" мәліметінше, істі Алматыдағы Экономикалық тергеп-тексеру департаменті жүргізіп жатыр.