Шоубиз

Сәбит Әбдіхалықовтың үшінші әйелі Айгүл Иманбаеваның немересіне бриллиант сыйлады

Тұсаукесерде Сәбит Әбдіхалықовтың жары ерекше сыйлықпен көзге түсті,- деп хабарлайды newsroom.kz

Танымал актер Сәбит Әбдіхалықовтың үшінші әйелі – актриса Динара Абдуллина әнші Айгүл Иманбаеваның немересіне бриллиант пен алтын сырға сыйлады. Бұл туралы тұсаукесер тойда айтылды.

Айта кетейік, Айгүл Иманбаева жуырда немересінің тұсаукесер тойын өткізген болатын.

«Бұл қыз – ерекше. Бізде бір ата-әже болса, Айсұлуда – төртеу. Құшағымызды жайып, жақсы көріп тұрамыз. Саналы, салиқалы ұрпақтардан болсын! Қолымыздағы барды аямадық. Өз атымнан алтын сырға мен бриллиант сыйлаймын», – деді Динара Абдуллина.

Сондай-ақ тойда журналист Анна Данченко Сәбит Әбдіхалықовтың қазіргі жарын жұртқа таныстырып өтті.

«Сәбит ағамыздың жары да – актриса. Күйеуінен 16 жас кіші. Үш әйелінен 8 баласы бар. Той өте ерекше өтті», – деп жазды журналист әлеуметтік желіде.