Жаңалықтар

Қазақстанда бет-әлпетті бүркемелеуге тыйым салынды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев құқықбұзушылықтардың алдын алуға бағытталған заңға өзгерістер енгізетін құжатқа қол қойды. Енді қоғамдық орындарда бетті толық жабатын никаб, маска, балаклава сынды киімдерді киюге тыйым салынды.

Сенатор Наурызбай Байқадамовтың айтуынша, бұл норма қоғамдық орындардағы құқықбұзушылықтың алдын алып, тұлғаларды анықтауды жеңілдетеді.
Бірақ кейбір ерекше жағдайларда рұқсат бар:

  • Медициналық себептермен;
  • Қызметтік міндетін атқару кезінде;
  • Спорттық, мәдени іс-шараларда;
  • Басқа да заңда көрсетілген жағдайларда.

Заң күшіне енген сәттен бастап бұл талап рәсми түрде міндетті болады.