Жаңалықтар

Экс-әділет министрі Марат Бекетаев 9 жылға сотталды

Бұл туралы антикордың ресми өкілі Данияр Бигайдаров хабарлап отыр.

«Марат Бекетаевқа 9 жылға бас бостандығынан айыру және мүлкін тәркілеу жазасы кесілді. Экс-министр қылмыстық іс бойынша алаяқтық, аса ірі көлемде ұрлық жасау, кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласу фактілері бойынша тергелді», — деді ол.

Естеріңізге сала кетейік, Марат Бекетаев 2023 жылғы қазанда «Қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланды» деген күдікпен ұсталған.