Антикор таратылды. Енді жемқорлық өзінен-өзі жоғала ма?
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметті қайта ұйымдастыру туралы шешім қабылдады. Енді бұл құрылым Ұлттық қауіпсіздік комитетінің құрамына өтеді.
Жаңа атауы — ҰҚК жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет. Яғни, бұрынғы Антикор енді дербес орган ретінде жұмыс істемейді, комитет құрылымының бір бөлігіне айналды.
Сонымен қатар, жемқорлықтың алдын алу сияқты кейбір функциялар Мемлекеттік қызмет істері агенттігіне берілді.