Шоубиз

Тұрсынбек Қабатовтың жас тоқалы жайлы жаңа деректер шықты

Әлеуметтік желілерде танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың жеке өміріне қатысты тың мәлімет тарады,- деп хабарлайды newsroom.kz

Alash.kz порталының жазуынша, оның екінші әйелі саналатын келіншек 1997 жылы Қызылорда облысындағы Бесарық ауылында дүниеге келген.

Бейресми дереккөздердің хабарлауынша, ол Тұрсынбек Қабатовтан ұл бала туған. Қазіргі таңда Астана қаласында тұрады. Оған баспана мен көлік сатып алынғаны, сондай-ақ ай сайын материалдық қолдау көрсетілетіні айтылуда.