Кадрлар

Экс-әкімнің ұлы мұнай компаниясының басшысы болды

«Урал Ойл энд Газ» компаниясына жаңа бас директор тағайындалды.

Бұл қызметке Президенттің жастар кадрлық резервіне енген Болат Досмұхамбетовтің ұлы тағайындалды. Ол — белгілі геология маманы, отандық және шетелдік компанияларда жұмыс тәжірибесі мол.

 Білімі:
– Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ түлегі (мамандығы — мұнай-газ геологиясы)
– Франциядағы Лотарингия ұлттық политехникалық институтының магистрі
– KazGUU және Швейцариядағы UBIS бизнес-мектептерінің MBA бағдарламасын тәмамдаған

Еңбек жолы:
– Weatherford-та геофизик-инженер
– Француздың Total S.A. компаниясында геолог
– «ҚМГ Кашаган Б.В.» перспективалық жобалар департаментінің директоры
– CMOC B.V. компаниясы бас директорының орынбасары
– «Исатай Оперейтинг» ЖШС-нің бас директоры болған

«Урал Ойл энд Газ» — Батыс Қазақстан облысындағы Федоров блоктарында жұмыс жүргізіп жатқан компания.
Жобаға «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы, MOL Group және Sinopec компаниясының еншілес ұйымы First International Oil Corporation Limited серіктес ретінде қатысуда.