Елордаға келген мың жарым жолаушының үшеуінен коронавирус табылған

26 Наурыз, 2020 224 0

22-25 наурыз күндері Нұр-Сұлтан қаласының халықаралық әуежайына 1483 жолаушы келді және 3 адамнан коронавирус инфекциясы табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Нұр-Сұлтан қаласына төтенше жағдай режимінің енгізілуіне байланысты, елорданың халықаралық әуежайына келген барлық жолаушыны оқшаулау ұйғарылды. Осы жұмыс аясында біз 22-25 наурыз аралығында халықаралық әуежайға келген 18 рейстің 1483 жолаушысын оқшаулардық», - деді басқарма басшысы «Хабар 24» телеарнасында өткен брифингте. Олардың барлығына биоматериал алу жолымен зертханалық тексеру жүргізілген «Бұл жолаушылар арасында 3 адамнан коронавирус инфекциясы табылды. Оларды ауруханаға жатқызу, ем тағайындау және жақын байланысқан адамдар тобын анықтау жұмыстары жүргізілді», - деді С. Қисықова. Айта кетейік, Қазақстан Республикасы аумағында коронавирус инфекциясын жұқтырған жалпы 109 науқас тіркелді. Нұр-Сұлтан қаласында 61 адамда короновирус инфекциясы анықталды. Алматы қаласында - 40 адам, Шымкент қаласында – 2 адам, Қарағанды қаласында - 2, Алматы, Ақтөбе, Жамбыл, Солтүстік Қазақстан облыстарында – 1 адамнан тіркелген. 

Бұған дейін басқарма басшысы Нұр-Сұлтанда төрт науқастың жағдайы ауыр екенін мәлімдеген болатын.

Тегтер: карантин, коронавирус, қазақстан, жаңалықтар, оқиға, дерт, инфекция

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.