Әлем

Францияда қоғамдық орындарда темекі шегуге тыйым салынды

Бұл тыйым ертеңнен, яғни 1 шілдеден бастап күшіне енеді. Енді қоғамдық көлікте, саябақтарда, жағажайларда, кітапханалар мен мектептер маңында темекі тартуға болмайды.

Францияның еңбек және денсаулық сақтау министрі Катрин Вотреннің айтуынша, «Балалар жүрген жерде темекі болмауы тиіс». Ел билігі 2032 жылға қарай темекіден ада ұрпақ қалыптастыруды көздеп отыр.

«Біздің мақсат – темекісіз ұрпақ. Жастарды қорғау, тәуелділікке қарсы профилактика – бұл біздің басты басымдығымыз», – деді министр.

Статистикаға сүйенсек, Францияда жыл сайын темекі шегудің салдарынан 75 мың адам көз жұмады. Ал зиянды әдеттерден келетін экономикалық шығын жылына 176 миллиард долларды құрайды.