Жыл басынан бері 5 496 қазақ тарихи отанына оралды
Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады.
Шет елден келген қазақтардың басым бөлігі Қытай, Өзбекстан, Түрікменстан, Моңғолия және Ресейден келген.
Елге келген қазақтар республиканың түрлі өңіріне қоныстанған. Жалпы 1991 жылдан бері елге 1 млн 153 мың қазақ оралған.