Жаңалықтар

Маңғыстауда алимент есебіне пәтер өндірілді

Маңғыстау облысында прокурорлар алимент төлемей жүрген азаматтарға қатысты бірқатар шара қабылдады. 2025 жылы жүргізілген тексеріс нәтижесінде жалпы сомасы 33 миллион теңге және 1 пәтер балалардың пайдасына өндіріліп берілді.

Алименттен жалтарған 26 азамат әкімшілік жауапқа тартылып, айыппұл салынды. Кейбірі сот шешімімен қамауға алынған. Бұл істер ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 669-бабына сәйкес қаралған.

Бұдан бөлек, 5 борышкерге қатысты қылмыстық іс қозғалып, олардың бәріне сот айыптау үкімін шығарды.

Облыстық прокуратура алимент төлемей, балаларына қамқорлық көрсетпеген азаматтарға ҚР Қылмыстық кодексінің 139-бабына сәйкес қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді.