Атырауда бала лифт шахтасына құлап, аман қалды
Атырау қаласында 10 жастағы бала лифт шахтасына құлап, аман қалды.
Оқиға былай болған: бала велосипедімен лифтке кірмек болған. Алайда дәл сол сәтте есік автоматты түрде жабылып, баланың өзі сыртта қалып, велосипеді есік пен лифт кабинасының арасында қысылып қалған.
Лифт жоғары көтеріле бастағанда, бала велосипедтен ұстап, ауада ілініп тұрып қалады. Алайда көп ұзамай қолы тайып, ашық тұрған шахтаға құлап кеткен.
Абырой болғанда, бала аман қалды. Жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізіліп, алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Қатты жарақат алмаған.
Қазір бұл оқиғаға байланысты тиісті тексеріс жүргізіліп жатыр.