Жаңалықтар

30 маусымға арналған ауа райы болжамы: еліміздің көп бөлігінде жаңбыр жауады

Синоптиктердің болжауынша, бүгін Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Кей аймақтарда желдің екпіні секундына 28 метрге дейін жетуі мүмкін. Ауа температурасы айтарлықтай өзгермейді.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше:

Солтүстік пен шығыста кей жерлерде нөсер жауын, бұршақ түсуі ықтимал;

Батыс пен солтүстікте түнде және таңертең тұман күтіледі;

Оңтүстік пен оңтүстік-батыста шаңды дауыл болуы мүмкін;

Елдің басым бөлігінде, әсіресе оңтүстік және орталық өңірлерде, өрт қаупі жоғары күйінде қалып отыр.

Негізгі қалалардағы ауа райы:

🔹 Астана: күндіз +23…+25 °C, жаңбыр, найзағай; түнде +14…+16 °C, жауын-шашынсыз. Жел — 9–14 м/с.

🔹 Алматы: күндіз +30…+32 °C, түнде +18…+20 °C, жауын-шашынсыз. Жел — 3–8 м/с, екпіні 12 м/с дейін.

🔹 Шымкент: күндіз +34…+36 °C, түнде +18…+20 °C, жауын-шашынсыз. Жел — 8–13 м/с.