Коронавирус: Нұр-Сұлтанда төрт науқастың жағдайы ауыр

26 Наурыз, 2020 55 0

Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова айтты.

«Қазіргі уақытта Нұр-Сұлтанда 61 адамнан коронавирустық инфекция табылып, стационарда жатыр. Төрт науқастың жағдайы – тұрақты ауыр. Олардың өкпе қабынуы расталды және тыныс жетіспеушілігі бар. Коронавирустық инфекция бойынша хаттамаға сәйкес ем-дом алып жатыр. Қалған науқастардың жағдайы қанағаттанарлық, шағым жоқ, дене қызуы қалыпты»-дейді ол.

Тегтер: коронавирус, инфекция, науқас, қазақстан, жаңалықтар, әлем

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.