Жаңалықтар

Жыл соңына дейін барлық пойыздарға бейнекамера орнатылады

2025 жылдың соңына дейін Қазақстанның ұлттық тасымалдаушысы барлық 112 бағыттағы жолаушылар пойыздарын бейнебақылау жүйесімен толық жабдықтайды. Бұл туралы "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ баспасөз қызметі хабарлады.

Қазіргі уақытта "Жолаушылар тасымалы" АҚ пойыздарда жол қауіпсіздігін, жолаушылардың жайлылығын және штаттан тыс жағдайларға жедел әрекет ету мүмкіндігін арттыруға бағытталған заманауи бейнебақылау және бейнесараптау жүйелерін енгізіп жатыр.

Бүгінде пойыздарға 4 000 бейнекамера орнатылған.

Бейнежазбалар ахуалдық орталықтың экрандары арқылы қадағаланады. Орталықтағы мамандар оқиғаларды тікелей бақылап, күмәнді немесе стандарттан тыс жағдайларды жылдам талдай алады.

Бейнебақылау жүйесі пойыз ішіндегі құқық бұзушылықтарды тіркеуге, ұмыт қалған заттарға жедел әрекет етуге және қауіптің алдын алуға мүмкіндік береді.

Жүйе енгізілгелі бері нәтижесі де байқала бастаған:

  • пойыздардағы құқық бұзушылықтар 21%-ға азайған,
  • жолаушылардан келіп түскен шағымдар 32%-ға қысқарған,
  • ұмыт қалған заттардың 91%-ы иелеріне қайтарылған.

 

Сондай-ақ қазірден бастап барлық жаңа вагондар бейнебақылау жүйесімен толық жабдықталып жеткізілуде.