Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Қазақстан ауылдарға интернет тарту үшін 46 млрд теңге қарыз алады

Сенат Қазақстан мен Халықаралық қайта құру және даму банкі (ХҚДБ) арасындағы келісімді ратификациялады. Енді мемлекет цифрландыру жобасына 46,3 млрд теңге көлемінде қарыз тартады.

Қазақстан ауылдарға интернет тарту үшін 46 млрд теңге қарыз алады
Фото: Пикабу

Бұл қаражат елде инклюзивті экономиканы қалыптастыруға бағытталған жедел цифрландыру жобасын жүзеге асыруға жұмсалады. Атап айтқанда, жоба аясында ауылдық елді мекендерге цифрлық инфрақұрылым тартылып, жоғары жылдамдықтағы интернетпен қамту көзделген.

Жоба "цифрлық теңсіздікті" азайтуға және ауыл тұрғындарына электронды қызметтерді қолжетімді етуге бағытталған.

Сонымен қатар, халықаралық банктің несиесі технологияларды дамытуға серпін беріп, аймақтардағы шағын бизнестің дамуына жол ашуы, инвестициялар тартуға және ауылдарға цифрлық инфрақұрылым енгізу бастамаларын қаржыландыруға көмектеседі деп күтілуде.

Жобаның бір бөлігі ретінде мемлекет пен жекеменшік сектор арасындағы әріптестік арқылы телекоммуникациялық инфрақұрылым да дамытылады.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанда Starlink спутниктік терминалдарын сату басталатыны хабарланған. Бұл шешім шалғайдағы жайылымдарда, өндіріс орындарында немесе таулы ауылдарда тұратын халыққа сапалы байланыс алуға мүмкіндік береді.

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату