Алматы облысында ұрланған ішікті сүйіктісіне сыйлаған азамат ұсталды

26 Наурыз, 2020 55 0

Алматы облысының полицейлері күзен ішікті ұрлап, артынан пешке жаққан азаматты ұстады, - деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматы облыстық Полиция Департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Ұйғыр АПБ-нің кезекші бөліміне Шонжы ауылының 44 жастағы тұрғыны үйінен күзен ішігінің ұрланғаны туралы хабарлаған.

Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде азаматтық некеде тұратын отбасылық жұп анықталып, ұсталды. Ұсталған 20 жастағы азамат пен 33 жастағы оның сүйіктісі дәлелдерден кейін өз ұрлықтарын толығымен мойындады.

Ұсталғандардың айтуынша, олар тұрғын үйлерін өзгертуді жоспарлаған, осы мақсатта түрғын үй іздеу барысында үйлердің бірінен қожайындардың жоқтығын анықтаған. Бұған дейін қарақшылық шабуыл жасағаны үшін істі болған отағасы сүйіктісіне сыйлық жасау мақсатында, терезе шынысын қысу арқылы үйге кіріп, күзен ішікті қолды қылған. Келесі күні аулаларды аралап жүрген полицейлерді көріп, олардың үйлеріне жақын жүргенінен қорқып, ұрланған ішікті пешке салып, жағып жіберген.

Ойланбай жасаған іс-әрекеттері үшін оларға заң алдында жауап беруге тура келеді. Азамат қамаққа алынды, ал оның азаматтық некедегі жары мекенжайын өзгертпеу туралы қолхатпен босатылды. Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК 188-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.


Тегтер: ішік, алматы, тон, ұры, қазақстан, жаңалықтар, әлем

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.