Иран шығыс аймақтарға рейстерді қайта ашты
Иран билігі 25 маусымнан бастап елдің шығыс бөлігіндегі әуежайлардағы жұмысын қайта бастады. Бұл туралы Иранның жол және қала құрылысы министрлігінің ресми өкілі Маджид Ахван мәлімдеді,- деп хабарлайды newsroom.kz
«Иран ішкі, халықаралық және транзиттік рейстер үшін елдің шығыс бөлігінің аспанын ашты.
Ақпаратқа сәйкес, Сабзевар, Мешхед, Бирджанд, Забол, Захедан, Сараван, Чабахар, Ираншахр, Сарахс, Гонабад, Жирофт және Джаск қалаларындағы әуежайлар жұмысын қайта бастады.