Тәжікстан Орталық Азиядағы алғашқы жасанды интеллект кластері мен технопаркін іске қосты
25 маусым күні Дарваз ауданында Тәжікстанның Ұлттық жасанды интеллект кластері мен Area AI атты алғашқы технопаркінің тұсауы кесілді. Ашылу салтанатына ел президенті Эмомали Рахмон өзі қатысты.
Бұл жоба – 2022 жылы қабылданған Ұлттық жасанды интеллект стратегиясын жүзеге асырудағы маңызды қадам. Аталған стратегияға сай, 2040 жылға қарай жасанды интеллект елдің ішкі жалпы өнімінің кемінде 5 пайызын қамтамасыз етуі тиіс. Бұл бастама Тәжікстанның цифрлық экономикасы мен технологиялық тәуелсіздігінің іргетасы болмақ.
Кластерді отандық darya.ai компаниясы әзірлеген. Ол тілдік модельдер, есептеу инфрақұрылымы мен қолданбалы зерттеулерге, әсіресе тәжік тіліне басымдық беруге бағытталған. Мұнда ашық кодты нейрожелілерді үйретіп, AI шешімдерді сынақтан өткізуге мүмкіндік жасалған.
Area AI технопаркі – жасанды интеллектке арналған ұлттық платформа болады. Мұнда зерттеушілер, IT-компаниялар, мемлекеттік құрылымдар мен инвесторлар бірігіп, ИИ шешімдерін энергетика, қаржы, денсаулық сақтау мен білім беру салаларына енгізбек.
Шара аясында өткен көрмеде отандық AI-компаниялар мен Жасанды интеллект кеңесінің жұмыстары таныстырылды.
Салтанатты іс-шара барысында үш ірі серіктестікпен келісімге қол қойылды:
ATRC (БАӘ) – тәжік-араб тілдік модельдері мен трансшекаралық AI жобаларын бірлесе дамытуға;
Presight AI (БАӘ) – мемлекеттік қызметтер, киберқауіпсіздік және "ақылды қалалар" бағытында ИИ енгізуге;
Scale AI (АҚШ) – тәжік тіліне негізделген тілдік модельдерді дамыту мен оларды кеңінен қолдануға.
Жиынға OpenAI, NVIDIA, G42, Mistral AI, Qatar National Bank және өзге де халықаралық ұйымдар мен инвесторлар қатысты.