Шерзат ісі қайта қаралмақ — сотталғандар шағым түсірді
Шерзат ісі бойынша сотталғандар үкімге қарсы шағым түсірді – қорғаушы тарап тыңдауға дайындалып жатыр.
Бұл туралы жәбірленуші тараптың адвокаты Мейірман Шекеев мәлімдеді.
Сонымен қатар ол марқұм жасөспірімнің әкесі Қаржаубай Нұрымовтың жансақтау бөліміне түсті деген ақпаратты жоққа шығарды
«Апелляцияға қатысты нақтылай кетейін: 21 маусымда шағым келіп түсті. Сотталғандарда үкім шыққаннан кейін 15 күн ішінде шағым түсіру құқығы бар. Менің білуімше, сотталғандардың барлығы үкімге қарсы шағымданбақ. Сот отырысының күні мен уақытын қосымша хабарлаймыз», – деді адвокат Instagram парақшасында жариялаған видеосында.