Синоптиктер ауа райының қолайсыздығына байланысты бірнеше өңірде ескерту жариялады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы "Қазгидромет" РМК-ке сілтеме жасап.
Мамандардың айтуынша, еліміздің бірқатар аймақтарында ертең күн ысиды. Атап айтқанда, күндіз 31 мамырда Түркістан облысында шығыстан соғатын желдің күші кей жерлерде 15-20 м/с жетуі ықтимал. 40 градусқа дейінгі қатты ыстық күтіледі.
31 мамыр күні түнде Батыс Қазақстан облысында кей жерлерде найзағай күтіледі.
Солтүстік батыстан жел соғып, күндіз оның екпіні 15-20 м/с артады.
31 мамырда күндіз Ақмола облысында оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел тұрып, жылдамдығы кей жерлерде 15-20 м/с артуы мүмкін.
31 мамырда Нұр-Сұлтан қаласында күндіз оңтүстіктен және оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-18 м/с жетуі ықтимал.
31 мамыр - 2 маусым аралығында Қостанай облысының жекелеген жерлерінде күн 35-38 градусқа дейін ысиды.
31 мамырда күндіз Қызылорда облысында 41 градус қатты ыстық болады. Солтүстік- шығыстан соғатын желдің екпіні - 15-20 м/с. 31 мамыр - 2 маусым аралығында Қарағанды облысының кей жерлерінде 35-39 градус қатты ыстық күтіледі.