Жаңалықтар

Қуандық Бишімбаев амнистиямен босатылмайды — ІІМ

Қазақстан Конституциясының 30 жылдығына орай жарияланған рақымшылық Қуандық Бишімбаевқа қолданылмайды. Бұл туралы Ішкі істер министрінің орынбасары Абай Қайырбеков мәлімдеді.

«Адам өлтіру бабы бойынша сотталғандар амнистияға ілінбейді», — деді ол.

Жалпы амнистия 15 мың адамды қамтиды. Оның 6 мыңы — қамаудағылар, 9 мыңы — пробациялық бақылаудағылар. Заң аса ауыр қылмыс жасағандарға жүрмейді.