Израиль мен Иран соғысы: Әуе рейстері қысқарды, қауіп күшейіп тұр
Таяу Шығыста әскери-саяси жағдай ушығуына байланысты бірқатар елдер азаматтық авиацияға әуе кеңістігін жабу немесе шектеу енгізді.
Бұл шектеулер қауіптің күшеюімен байланысты:
– қару қолдану қаупі,
– навигациялық жүйелердің бұзылуы,
– әуе шабуылына қарсы қорғаныс (ПВО) жүйелерінің белсенділігі,
– азаматтық рейстер үшін тікелей қауіптің туындауы.
Қай елдерде шектеу бар:
Израиль – әуе кеңістігі толық жабылған;
Иран – толық жабық, соның ішінде Парсы және Оман шығанақтары үстімен ұшу да шектелді;
Ирак, Иордания, Ливан – уақытша шектеулер енгізілген, зымыран және дрон шабуылдары қаупі бар;
Кувейт, Бахрейн, БАӘ – кейбір әуе бағыттары жабылып, қақтығыс аймағына жақын рейстер уақытша тоқтатылған.
Халықаралық авиакомпаниялардың әрекеті:
Air France–KLM, United, American Airlines, Japan Airlines, Air Canada – Дубай, Доха және Эр-Рияд бағыттарындағы рейстерін тоқтатты;
Qatar Airways – ұшу кестесін қайта қарап жатыр;
Etihad – қауіп туралы ресми ескерту жариялады;
Emirates – рейстерді жалғастырып жатыр, бірақ қақтығыс аймағын айналып ұшуда.
Қазақстандық әуе тасымалдаушылар не істеді?
Қауіп деңгейін бағалап, жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қазақстандық авиакомпаниялар Дубай мен Доха бағытындағы бірнеше рейсті тоқтатты.