Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Миллиондаған гектар жайылым мемлекет меншігіне қайтарылды

2024 жылдың қыркүйегінен бері жұмыс істеп жатқан арнайы республикалық комиссия 13 миллион гектардан астам жерді, оның ішінде 11 миллион гектар жайылымды мемлекетке қайтарды, деп хабарлайды newsroom.kz.

Миллиондаған гектар жайылым мемлекет меншігіне қайтарылды
Фото: Wikipedia.kz

Ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтановтың айтуынша, бұл жерлер бұрын дұрыс пайдаланылмаған: мал басы жеткіліксіз болған немесе мүлде шаруашылық жүргізілмеген.

Қайтарылған жайылымның 6 миллион гектары жергілікті тұрғындар мен ауыл шаруашылығы өндірушілеріне берілді. Оның ішінде 2 миллион гектар – елді мекен маңындағы жерлер арнайы халықтың мұқтажы үшін бөлінген.

Жайылымдар туралы заңға енгізілген өзгерістер нәтижесінде, аз пайдаланылған жерлерді қайтару көлемі 20 пайыздан 50 пайызға дейін ұлғайтылған. Соның арқасында 2,7 млн гектар жайылым мемлекетке қайтарылды.

Қазіргі таңда 565,8 мың гектар жерге фермерлер мал сатып ала бастады. Бұл ауылдық жерлерде жаңа жұмыс орындарын ашуға сеп болып отыр. Ал 63,8 мың гектар жерге қатысты сот процестері жүріп жатыр.

Жерді қайтару жұмысы жалғасуда.

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату