Кірісін жоғалтқан азаматтарға екі түрлі төлем беріледі

26 Наурыз, 2020 326 0

Төлем 2 түрлі болады: 

Біріншісі төтенше жағдайға байланысты ақысыз еңбек демалысына шыққандарға - оның көлемі айына 42 мың теңге. Бұл ұсақ, шағын және орта бизнестің қызметкерлері болуы мүмкін. Олар кейінгі жылы мемлекеттік қорға 3 рет аударым жасауы керек. Қажетті өтінімді жұмысшы емес, жұмыс беруші жасайды. Өтінімді аудандық және қалалық жұмыспен қамту штабтарына беру керек. Төлемдер төтенше жағдай аяқталғанша жүреді. 

Төлемдердің екінші түрі – жұмыстан шығып қалғандарға қатысты. Олар төлемдерді 1 айдан 6 айға дейін алады. «Төлемдердің көлемі айлықтың 40% құрайды. Өтінім берудің еш қиындығы жоқ. Жұмыспен қамту орталығында жұмыссыз ретінде тіркеліп, арыз беру қажет. Арызды онлайн беруге болады. 

Бұл төлемдер туралы бұйрық бүгін шығады. Бұл туралы Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев мәлімдеді.

Тегтер: төлем, жұмыс, кіріс, еңбек, коронавирус, инфекция, қазақстан, жаңалықтар, әлем

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.