Әлем

Израиль-Иран  соғысы: Иран Катардағы АҚШ базасына соққы берді. Не болып жатыр?

Израиль Иранның ядролық бағдарламасына қатысы бар нысандарға бірінен соң бірі әуе соққыларын жасап жатыр. Ал Иран өз кезегінде зымыранмен жауап беріп, Израиль аумағында қираулар мен адам шығынына әкелген.

Негізгі оқиғалар қысқаша:

Дүйсенбі кешкісін Иран Катардағы АҚШ-тың «Аль-Удейд» әскери базасына зымыран атқылады. Иран мемлекеттік телеарнасы бұл шабуылды «Башарат әл-Фатх» операциясы деп атады.

Катар билігі шабуылдың сәтті тойтарылғанын, ал базаның шабуыл кезінде бос болғанын мәлімдеді.

АҚШ Қорғаныс министрлігі (Пентагон) базаға жасалған соққы кезінде америкалық жауынгерлер зардап шекпегенін растады.

Иран тарабы Катардағы АҚШ басқаратын база толығымен жойылды деп хабар таратты.

Сол күні таңертең Израиль Иранның Фордо қаласындағы ядролық нысандарына екінші мәрте соққы берді.