БАҚ:АҚШ-тың соққылары Иранның байытылған уран қорларына әсер еткен жоқ
Американың Иранның ядролық нысандарына жасаған соққылары оның байытылған уран қорларына әсер еткен жоқ. Бұл туралы Financial Times ирандық дереккөзге сілтеме жасап мәлімдеді,- деп хабарлайды newsroom.kz
«Әзірге байытылған уран бүлінген жоқ», - деді дереккөз.Оның айтуынша, уран қорын өндіретін жерлерде сақтау аңғалдық болар еді.
Бұған дейін The New York Times газеті АҚШ-тың жоғарғы басшылығының Иран Ислам Республикасының ядролық нысандарына америкалық соққыдан кейін байытылған уран қорын қайда жылжытуы мүмкін екенін білмейтінін жазған. Оның мәліметінше, 60%-ға дейін байытылған 400 келі ирандық уранның қай жерде екені белгісіз.
22 маусымға қараған түні АҚШ президенті Дональд Трамп АҚШ қарулы күштері Ирандағы Фордо, Натанз және Исфахандағы үш ядролық нысанға сәтті шабуыл жасағанын хабарлады. Ол Тегеран қақтығысты тоқтатуға келісуі керек деді. Израиль Иранның ядролық бағдарламасын нысанаға алу операциясы аясында 13 маусымнан бері Иранға күн сайын соққы беруде.