Әлем

Иран АҚШ әскери базасына шабуыл жасады

The final spritzer

23 маусымда Иран Сирия аумағындағы америкалық әскерлер шоғырланған базаға соққы берді. Бұл туралы MehrNews агенттігіне сілтеме жасап newsroom.kz хабарлайды.

Басылым дерегінше, шабуыл Сирияның Эль-Хасака провинциясының батысындағы Касрак елдімекеніндегі әскери базаға бағытталған. Бұл жерде АҚШ әскери күштері орналасқан.

22 маусымда СІМ мәлімдеме жасап, АҚШ пен Иран арасындағы әскери әрекеттердің салдары халықаралық жағдайды күрт шиеленістіріп жатқанын атап өтті. Ведомство бұл оқиғалардың Қазақстан секілді елдер үшін де қауіп төндіруі мүмкін екенін ескертті.

Сонымен қатар, Қазақстан Каспий маңы мемлекеттерінің қатарында Иранмен әртүрлі салаларда серіктестікті дамытып келе жатқаны айтылды.