Жаңалықтар

Әзербайжанға Алакөл жағасында шипажай салу ұсынылды

Әзербайжанның Қазақстандағы елшісі Әлім Байел мен осы елдің экономика министрі Микаил Джаббаровтың кездесуінде бірқатар инвестициялық жобалар талқыланды. Бұл туралы ҚР-ның Әзербайжандағы елшілігі хабарлады.

Кездесуде ұсынылған алғашқы жоба – фармацевтика саласына қатысты. Әлім Байел Әзербайжан тарапына Қазақстанда инфузиялық ерітінділер өндіретін кәсіпорын ашуды ұсынды. Екінші жоба – туризм саласын қамтиды.

«Әлім Байел Әзербайжан жағына Алакөл жағасында санаторий-курорттық кешен салу туралы ұсыныс айтты. Микаил Джаббаров бұл бағытта ынтымақтасуға дайын екенін жеткізді», – делінген елшілік таратқан ақпаратта.

Айта кетейік, бұған дейін Әзербайжанның әнші әрі кәсіпкері Эмин Агаларов Қазақстанда демалыс орнының құрылысын бастау ниеті барын мәлімдеген болатын. Ол кезде Маңғыстау облысынан курорт салуға қызығушылық танытқан.