Астанада қызды өлтіріп, інісін пышақтап кеткен
Астанада ер адам бұрынғы қызын өлтіріп, оның інісін пышақтап кетті, деп хабарлайды newsroom.kz.
Оқиға Астанадағы тұрғын үй кешендерінің бірінде болған. Ер адам бұрынғы сүйіктісіне шабуыл жасап, оны зорлықпен өлтірген. Содан кейін оның кәмелетке толмаған інісін пышақтап, жарақаттаған.
Астана қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған. Қылмыстық іс қозғалды.
Полицияға тұрғын үйдің бірінде пышақ жарақатын алу фактісі бойынша хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына келген кезде зорлық-зомбылық белгілері бар қыздың мәйіті табылды. Сондай-ақ оның кәмелетке толмаған інісі де жарақат алып, ауруханаға жеткізілді, – деп мәлімдеді полиция өкілдері.
Құқық қорғау органдары тергеуді жалғастырып жатыр. Қылмыстың басқа мән-жайы тергеу мүддесіне байланысты жария етілмейді.