«Астана» халықаралық қаржы орталығы – Қазақстан ішіндегі офшорға айналуы мүмкін
Бұл туралы Ұлттық экономика министрі, Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин мәлімдеді.
Серік Жұманғарин:
"АХҚО-ға қатысты бізде бірқатар сұрақтар бар. Себебі бұл қаржы орталығы еліміздің ішінде қосымша офшор аймаққа айналып кетуі мүмкін. Соның салдарынан біз салықтардан айырыламыз. Мысалдарды нақты келтірмей-ақ қояйын, бірақ бір ірі кәсіпорын холдинг арқылы өзінің бас кеңсесін "АХҚО-ға -ға ауыстырған. Соның кесірінен тек корпоративтік табыс салығы (КТС) мен қосылған құн салығынан (ҚҚС) 200 миллиард теңгеден астам қаражатты жоғалттық," – деді министр.
Министрдің айтуынша, бұл – алаңдататын тенденция және оны тез арада тоқтату қажет.
"Қазақстанда жұмыс істейтін заңды тұлғалар "АХҚО-ға аумағында бола алады. Бірақ бұл ретте біз, мемлекет ретінде, салықтан айрылмауымыз керек. Осы олқылықты жою үшін нақты шаралар қабылдауымыз қажет," – деді Жұманғарин.