"Адам сияқты сөйлеп, адам сияқты әрекет етеді..."
Veo 3 жүйесінің ерекшелігі – мәтін негізінде 8–10 секундтық кинематографиялық видео жасап қана қоймай, оған дыбыс, эмоция, реплика, фон музыкасын автомат түрде қосуы. Яғни, адам көргенде оның жалғаннан айыруы қиын.
Мысалы, Veo-мен:
- Марста серуендеген бала жайлы видео,
- Ертеректегі соғысты бейнелейтін көрініс,
- Атақты адамның жалған мәлімдемесі
секілді шын мен жалғанды ажыратуға келмейтін дүниелер жасау оңай.
Жүйе қалай жұмыс істейді?
Veo 3 — Google Gemini AI-платформасына ендірілген видео генератор. Ол пайдаланушы берген мәтінді оқып, сахна құрылысы, эмоция, кадр ауыстыру, тіпті камера қозғалысы сынды элементтерді өздігінен құрастырады.
Жасанды интеллект мәтіндегі көрініске дыбыс пен диалогты үйлестіріп қосады.
Қазірге дейін Veo тек Google-дың Pro/Ultra жазылымы бар қолданушыларға ғана қолжетімді.
Бірнеше үзіндіден тұтас хикая жасауға мүмкіндік беретін Veo Flow функциясы бар.
Deepfake дәуірінің күшеюі
Бұрын “deepfake” тек бет пен дауыс өзгерту болса, енді:
- Бүкіл видео жалған болады
- Дауысы да шынайы сияқты болады
- Контексте де қате жібермейді
Мысалы:
- Саяси мәлімдеме жасап тұрған президенттің видеосы,
- Жалған әскери қақтығыстар,
- Атақты адам дауысымен “мақұлдаған” жарнамалар.
- Мұның барлығы жалған болып шығуы мүмкін.
Veo 3 пайдалы жақтары да бар:
Маркетинг: жарнама мен тизер жасау оңай;
Білім: тарих, биология пәндеріне көрнекі видео жасауға болады;
Шығармашылық: клип, анимациялық көріністер, балалар ертегісі.
Мемлекет не істеуі керек?
- Deepfake-пен күрес заңдарын реттеу
- Видео/аудио метадеректерін бақылау
- Жалған видеоға “таңба” қою (watermark) жүйесін енгізу
- Қоғамға медиа сауаттылықты үйрету
Veo 3 — технологиялық серпіліс. Бірақ оның шынайы ақпарат пен жалғанды шатастыру қауіпі бар. Сондықтан тек пайдаланушы емес, ақпарат құралдары мен мемлекеттік құрылымдар да жаңа этика мен реттеуді қолға алуы тиіс.