Қазақстан гимнастикасындағы алғашқы алтын: Ерекешева әлем чемпионы атанды!
Қазақстандық жас гимнаст Ақмарал Ерекешева Софияда өткен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында ел тарихындағы алғашқы алтын медальді жеңіп алды. Бұл туралы newsroom.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап хабарлады.
Ақмарал үш бірдей финалға жолдама алып, барлығында жүлдегер атанды. Ол:
- Доппен жаттығуда – алтын
- Лентамен жаттығуда – алтын
- Шеңбермен жаттығуда – күміс медаль иеленді.
Осылайша Ерекешева жасөспірімдер арасындағы жарыста Қазақстан гимнастикасы тарихында тұңғыш рет әлем чемпионы атанды.