Бразилияда әуе шары құлап, 8 адам қаза тапты
Бразилияның Санта-Катарина штатында 21 жолаушы отырған әуе шары апатқа ұшырады. Апат салдарынан 8 адам қаза тауып, тағы 13 жолаушы түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді.
Куәгерлердің айтуынша, шар әуеде отқа оранған соң, бірден биіктіктен құлап түскен.
Әуе шары штаттың оңтүстігіндегі Прая-Гранди муниципалитетінің үстінен ұшып өтуі тиіс болған. Бұл аймақ Бразилияда "каньондар астанасы" не "әуе шарлары астанасы" ретінде танымал.