Өзін тіс дәрігері етіп көрсетіп, интернеттен көрген сабақтар бойынша ем жүргізген
22 жастағы жігіт ешқандай медициналық білімі болмаса да, науқастарды қарап, тіс жұлып, жүйке арналарын емдеп, анестезия жасаған.
Бұл заңсыз әрекетке оның туыстары да қатысқан: 50 жастағы әйел "медбике" болған, ал 44 жастағы ер адам клиникаға орын беріп, тіс протездерін жасап отырған.
Әйел денсаулық сақтау саласында жұмыс істейтін болғандықтан, түрлі дәрілік заттар мен материалдарға қол жеткізе алған. Клиникаға ол ауырсынуды басатын дәрілер мен ұнтақтар жеткізіп отырған.
Жалған тіс дәрігері серіктестерімен бірге 4 млн чех кроны (шамамен 14,6 млн рубль) пайда тапқан. Қазір күдіктілерге заңсыз медициналық қызмет көрсетіп, заңсыз табыс тапты деген айып тағылып отыр. Олар 8 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.