Астана маңында жеңіл моторлы ұшақ құлады: екі адам қаза тапты
Бүгін сағат 11:30 шамасында Астанаға жақын орналасқан Жоламан әуеайлағы маңында жаттығу ұшуын орындау кезінде TL-2000 үлгісіндегі жеңіл моторлы ұшақ апатқа ұшырады. Ұшақ жеке меншікке тиесілі болған.
Алдын ала мәлімет бойынша, бортта екі адам болған. Екеуі де апат салдарынан көз жұмған.
Қазіргі таңда оқиға орнына Көлік оқиғаларын және апаттарды тергеу департаментінің мамандары жіберілді. Индустрия және көлік министрлігінің тапсырмасымен арнайы комиссия құрылып, оқиғаның мән-жайы тексеріліп жатыр.