Жаңалықтар

«Таңғы 4-те соққы»: АҚШ Иранға дәл фашистер сияқты шабуылдады ма?

АҚШ-тың Иранға әуеден соққы жасаған сәті көп адамға символдық жағынан ерекше көрінді. Өйткені шабуыл дәл 22 маусым күні таңғы 4-те басталды. Бұл – 1941 жылы дәл осы күні, дәл осы сағатта гитлерлік Германияның Кеңес Одағына тұтқиылдан шабуыл жасаған уақыты.

Нацистік Германияның соғысты бастауына бір себеп – мұнай тапшылығы еді. Олар мұнай өнімдерін негізінен көмірден өндіріп, қиын жағдайда отырған. Ал танктері жанармайды "су сияқты ішетін" – орта есеппен 100 шақырымға 400 литр жағып жіберетін. Бұған авиация мен флоттың қажеттілігін қосыңыз…

Сол себепті Гитлер Кавказ бен Баку мұнайына қол жеткізуді басты мақсат етті. Бұл жайында Сталиннің сол кездегі Мұнай өнеркәсібі жөніндегі халық комиссарының орынбасары Николай Байбаковқа берген бұйрығы тарихта қалған:

«Гитлер Кавказға ұмтылып жатыр. Ол: “Кавказ мұнайын алмасам, соғыста жеңілемін” деп мәлімдеді. Сондықтан сіздерге міндет – мұнайды жауға тастамау. Егер бір тамшы мұнай немістің қолына түссе – ату жазасы.
Бірақ, егер сіз мұнай кәсіпорнын алдын ала жарып жіберіп, ал немістер оны басып алмай қалса, біз жанармайсыз қаламыз – тағы да ату жазасы!»

…Сталиннің "мотивациясы" осындай болатын.