Жаңалықтар

Алматыда үш көлік соқтығысып, бес адам қаза тапты

Алматы облысында үш көлік соқтығысып, бес адамның өмірі қиылды. Қайғылы оқиға 21 маусым күні шамамен сағат 13:00-де Алматы–Бішкек автожолының 135-шақырымында тіркелген, деп хабарлайды newsroom.kz облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.

Алдын ала мәліметке сәйкес, 42 жастағы Mitsubishi Pajero жүргізушісі қарсы бағытқа шығып кетіп, алдымен Toyota Highlander көлігімен, артынша DAF жүк көлігінің тіркемесімен соқтығысқан.

Апат салдарынан оқиға орнында бес адам көз жұмды: төртеуі – Mitsubishi көлігінің жолаушылары, біреуі – Toyota-ның жолаушысы. Тағы бірнеше адам түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді.

Қазір оқиға орнында тергеу амалдары жүріп жатыр. Полиция жол апатының нақты себептерін анықтауға кіріскен.