weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Қазақстан  шетелдік инвестиция тартудан соңғы орынға түсті

2024 жылы Қазақстанға тартылған тікелей шетелдік инвестициялар көлемі бойынша ел алғаш рет Орталық Азиядағы ең төменгі көрсеткішке ие болды. Бұл — 1992 жылдан бері алғаш рет тіркелген жағдай. Керісінше, елден шетелге 2,55 млрд доллар көлемінде қаражат шығарылған.

Қазақстан  шетелдік инвестиция тартудан соңғы орынға түсті
Ашық дереккөз

Бұл мәліметтер БҰҰ-ның Сауда және даму жөніндегі конференциясы (UNCTAD) жариялаған баяндамасында келтірілген.

 2022 жылы Қазақстан экономикасына 6,5 млрд доллар тартылса,
2023 жылы — 3,7 млрд доллар келген.
Ал 2024 жылы алғаш рет елге ақша келмей, керісінше шетелдік инвестиция сыртқа кетті.

 Орталық Азия елдерінің ішінде көш басында — Өзбекстан. Оларға 2,8 млрд доллар инвестиция құйылған.

Саяси сарапшы Марат Шибұтовтың пікірінше, инвестицияның күрт азаюы мен қаражаттың сыртқа кетуі ірі өнеркәсіптік және мұнай-газ жобаларының аяқталуына байланысты болуы мүмкін. Әсіресе, Теңіз кен орнын кеңейту жұмыстарының тоқтауы әсер еткен.

Сондай-ақ капиталдың Біріккен Араб Әмірліктері мен офшор аймақтарға көптеп шығарылуы да негізгі себептердің бірі ретінде аталып отыр.