Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Путин әлемдегі қақтығыстардың күшеюіне алаңдаушылық білдірді

Ресей президенті Владимир Путин қазіргі таңда әлемде жанжалдардың өршіп, үшінші дүниежүзілік соғыс қаупі артып келе жатқанын айтып, бұл жағдайға шынайы алаңдайтынын жеткізді. Ол бұл пікірін 20 маусым күні өткен Петербург халықаралық экономикалық форумының пленарлық отырысында айтты, деп хабарлайды Newsroom.kz РБК-ға сілтеме жасап.

Путин әлемдегі қақтығыстардың күшеюіне алаңдаушылық білдірді
Фото: ашық дереккөз

"Қақтығыс қаупі жоғарылап барады, бізге бұл тікелей қатысты. Украинадағы соғыс – осының дәлелі. Сондай-ақ Иранның ядролық нысандары төңірегіндегі жағдай да бізді қатты алаңдатады", – деді Ресей басшысы.

Оның сөзінше, Таяу Шығыстағы ахуал ерекше назар мен келіссөз арқылы шешім іздеуді талап етеді.

"Бізге бұл оқиғаларға жай ғана сырттай қарамай, барлық бағыт бойынша бейбіт жолмен шешім іздеуге ұмтылу керек. Мен мұны шын жүректен айтып отырмын", – деді Путин.

Ресей әскерлері Украина қалаларын “Шахедтермен” атқылады

Форум аясында сөйлеген сөзінде Владимир Путин Мәскеудің мақсаты Киевті тізе бүктіру емес, тек "жердегі шынайы жағдайды мойындауын" талап ететінін айтты.

Сондай-ақ ол ресейлік армияның Сумы қаласын басып алуы мүмкін екенін, бірақ дәл қазіргі сәтте мұндай жоспар жоғын жеткізді.

Путин сөз соңында украиндар мен орыстарды “бір халық” деп атап, "осы тұрғыдан алғанда, бүкіл Украина – біздің жер" деген ойын қайталады.

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату